НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір – Sputnik. Түркістан облысында Жиенқұм ауылының маңында тұрмыстық техника тиелген жүк көлігі түгі қалмай өртеніп кетті.
Өңірдің полиция департаментінің хабарлауынша, жүк көлігінің тіркеме баллоны жанған. Зардап шеккендер жоқ, жүргізуші көліктен дер кезінде шығып үлгерген.
Тұрмыстық техника тиелген Volvo жүк көлігі Ресейден Тәжікстанға бара жатқан.
Бұл оқиға Бәйдібек ауданының полиция бөлімшесінде тіркелді. Тәртіп сақшылары төтенше жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.