НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір — Sputnik. Елордада қараусыз қалған үй өртенді.
Сол жағалаудағы Бөкейхан көшесіндегі үйді толық өрт шарпыған.
Өрттің жалпы аумағы 200 шаршы метр.
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.
Өртті сөндіруге 15 адам пен 3 техника жұмылдырылған.