Алматыда жол апатынан бала көз жұмды, ал анасы ауыр хәлде ауруханада жатыр

Sputnik
АЛМАТЫ, 10 сәуір – Sputnik. Алматыда Бостандық ауданындағы ірі сауда орталығының жанында болған жол апатынан бала көз жұмып, анасы ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді.
Жаппай жол апаты 9 сәуір кешке Гагарин даңғылында Левитан және Есқараев көшелерінің арасында болды.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Hyundai Tucson көлігінде отырған қыз Гагарин бойымен солтүстік бағытта келе жатқан. Қиылысқа келген кезде ол сауда орталығының алдындағы тұраққа өту үшін солға бұрыла бастаған. Осы уақытта оған оңтүстік бағытта жоғары жылдамдықпен келе жатқан Hyundai Elantra соғылады.
Бостандық ауданындағы жол апаты: көлік екі жаяу жүргіншіні қағып кетті
Қатты соққыдан көліктер екі жаққа ұшып кетеді. Hyundai Elantra тротуарға шығып кетіп, екі жаяу жүргіншіні – әйел мен баланы қағады. Әрі қарай қарсы бағытқа шығып, автобуспен, одан кейін Chevrolet Tracker көлігімен соқтығысады. Осыдан кейін ғана ол тоқтайды.
Жол апаты салдарынан бала оқиға орнында жан тапсырды. Оның анасы өте ауыр хәлде жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Қалғандары қатты зардап шеккен жоқ.
Қазіргі уақытта полиция мән-жайды анықтап жатыр. Көшедегі бейнебақылау камерасына және автобустың регистріне түсірілген видео тәркіленді.
Бостандық ауданындағы жол апаты: көлік екі жаяу жүргіншіні қағып кетті