НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. Шетелдіктер Қазақстан арқылы өту үшін 10 мың долларға жалған паспорт сатып алған, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
"6 сәуірде Алматы қаласының әуежайында паспорттық бақылаудан өту кезінде жалған құжаттар ұсынған Орталық Азия елдерінің 4 азаматы ұсталды", - делінген хабарламада.
Жүктерін тексеру кезінде олардың шын паспорттары табылды.
Алдын ала дерек бойынша олар жалған құжаттарды Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен өту үшін сатып алған. Бір жалған төлқұжаттың құны 10 мың АҚШ долларға бағаланған.
Жалған құжаттар тәркіленді. Оларды елден депортациялау мәселесі шешіліп жатыр.