Өскеменде бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды

2022 жылдың 3 қаңтарынан бері із-түзсіз жоғалып кеткен Өскемен тұрғынының мәйіті табылды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық полиция бөлімінің полицейлері осы жылдың қаңтар айының басында із-түзсіз жоғалып кеткен 40 жастағы Ольга Р.-ның денесі табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлады yk-news.kz порталы.
"3 қаңтарда Глубокое аудандық полиция бөлімінің "102" арнасына 1 қаңтар күні сағат 14:00 шамасында 1982 жылы туған Р.О.-ның үйден шығып кетіп, қайтып оралмағаны туралы өтініш келіп түсті. Бұл факт белгіленген тәртіпте тіркелді, іздеуге жеке құрам жұмылдырылды", - деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.
Әйелдің денесі үш ай төрт күннен кейін табылды. Эксперт-криминалистердің берген мәліметіне сәйкес, марқұмның денесінен жарақат табылмаған.
Өлімнің себебі тағайындалған сот-медициналық сараптама аясында анықталады.
Күйеуі күдікке ілінді: Алматы облысында жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды