Дауыл, найзағай: синоптиктер 10 сәуірде ауа райы қандай болатынын айтты

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. Қазгидромет 10 сәуірге ауа райы болжамын ұсынды.
"Атмосфералық фронталды бөліктер әлі де Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райын сақтайды, найзағаймен бірге жаңбыр жауады, оңтүстікте шаңды дауыл, дауыл күтіледі", - дейді мамандар.
Республика бойынша кей жерде жел күшейеді. Тек еліміздің солтүстігі және шығысында антициклон әсерінен күн ашық болады.
Түркістан облысында түнде және таңертең таулы, тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі, найзағай кезінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай ойнайды, жел 17-22 м/с-ке дейін күшейеді.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнайды, жел 18 м/с-ке дейін күшейеді.
Қостанай облысының оңтүстігінде, батысында күндіз жел екпіні 23 м/с болады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында найзағай күтіледі.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі, күндіз облыс орталығында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, орталығында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, түнде облыстың солтүстігінде тұман түседі.
Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, облыстың батысында найзағай ойнайды.
Күндіз Ақмола облысының басым бөлігінде, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында жел 15-23 м/с-ке дейін күшейеді.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман түседі.
Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман, күндіз облыстың оңтүстік бөлігінде найзағай күтіледі.