Алматы мен Нұр-Сұлтанда және үш облыста коронавирус жұқтырған науқастар анықталды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. Өткен тәулікте, 8 сәуірде Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 14 науқас тіркелді.

Өңірлердегі статистика

Алматы қаласында – 8,
Нұр-Сұлтан қаласында – 3,
Шығыс Қазақстан облысында – 1,
Павлодар облысында – 1,
Жамбыл облысында – 1.
2020 жылдың 13 наурызынан бері елімізде коронавирус инфекциясын барлығы 1 305 279 адам жұқтырды.

Қанша адам коронавирустан емделіп жатыр

9 сәуірдегі жағдай бойынша 2 130 адам коронавирус инфекциясынан ем алуды жалғастыруда (1 117 адам – COVID-19 және 1 013 адам –ковид пневмониясы). Стационарларда 226, амбулаторлық деңгейде 1904 науқас емделіп жатыр.
24 науқастың жағдайы ауыр, бір науқастың жағдайы өте ауыр, үш науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылды.