НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетін қайта құру жоспарланып отыр. ҰҚК төрағасының тиісті жарлық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланған.
Атап айтқанда, мына құрылымдар қайта құрылады:
Ақпаратты техникалық қорғау орталығы мен Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы Ақпаратты техникалық қорғау мен мемлекеттік құпияларды қорғау саласында мамандар даярлау орталығымен біріктіріледі;
Маңғыстау облысы шекара қызметі департаментінен ҰҚК Шекара қызметінің "Ақтау" жабдықтау басқармасын бөліп шығарады;
Алматы облысы шекара қызметі департаментінен ҰҚК Шекара қызметінің "Алматы" жабдықтау басқармасын бөліп шығарады;
Шығыс Қазақстан облысы шекара қызметі департаментінен ҰҚК Шекара қызметінің "Жаңғызтөбе" жабдықтау басқармасын бөліп шығарады;
ҰҚК Авиациялық басқару мекемесі ҰҚК Авиация қызметіне қосылады.
Осылайша Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрамында мына құрылымдар қалады: Авиациялық қызмет, Шекара қызметі, Сыртқы барлау қызметі, Үкіметтік байланыс қызметі және "А" арнаулы мақсаттағы қызметі.