Өңірлер

Павлодарда бірінші сынып оқушысы мектепте марганцовкадан уланып қалды

Мектеп медбикесі бүлдіршінге алғашқы көмек көрсетті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Павлодар қаласында мектептердің бірінде бірінші сынып оқушысы марганцовка ішіп, уланып қалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға наурыз айында болған. Қараусыз қалған 1-сынып оқушысы шкафтан калий перманганаты (марганцовка) бар бөтелке тауып алып, оны аузына құйған.
Жедел жәрдем келгенге дейін мектеп мебдикесі баланың аузын шайып, алғашқы көмек көрсетті. Кейін дәрігерлер оны облыстық балалар ауруханасына жеткізді.
"Полиция анықтағандай, оқиға болар алдында бірнеше күн бұрын бірінші сынып тәрбиешісі басқа оқушының қол-аяғындағы жарасын өңдеу үшін медбикеден марганцовка алған. Асығып жүріп бөтелкені жұмыс үстелінің шкафына қоя салған. Таңертең медбикеге беремін деп ойлаған", - деп мәлімдеді полиция департаментіндегілер.
Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 141-бабы (Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Өңірлер
Шығыс Қазақстанда 48 оқушы мектепте уланып қалды