Мәдениет

Imanbek америкалық әншімен жаңа трек шығарды

"Married to Your Melody" жаңа трегін желіде тыңдауға болады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір — Sputnik. Қазақстандық диджей мен саунд-продюсер Imanbek (Иманбек Зейкенов) америкалық әнші, музыкант Салем Илеземен жаңа саунд трек шығарды.
Иманбек жеке парақшасында "Married to Your Melody" жаңа трегін желіде тыңдауға болатынын айтты.
"Көптен күткен релиз желіде. Сіздерге ұнайды деген үміттемін", - деп жазды ол.
Концерттер АҚШ, Бразилия, Еуропада өтеді. Турне 8 сәуірде Нью-Йоркте басталып, 25 қыркүйекте Берлинде аяқталады.