НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір — Sputnik. Қазақстанда теңгеге шаққанда доллар бағамы төмендеп келеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қазақстандық қор биржасына сілтеме жасап.
Күндізгі сауда нәтижесі бойынша доллар курсы 446,89 теңгені құрап, 11,13 теңгеге төмендеді.
Kurs.kz, мәліметінше, қазірі уақытта Алматының айырбастау пункттерінде доллардың сатып алу бағасы 448,56 теңгеге, сату құны 452,85 теңге.
Нұр-Сұлтан қаласының айырбастау пунктерінде америкалық валютаның сатып алу бағасы 448,51, сату 452,70 теңге.
Сонымен қатар Ұлттық банк 9-11 сәуірге арналған доллардың ресми бағамын бекітті.
Демалыс күндері және дүйсенбіде доллар бағамы 446, 89 теңге болады.
8 сәуірде Ұлттық банк бекіткен ресми доллар бағамы 458,87 теңгені құрағанын еске саламыз.