Қоғам

Арықтағы қызды құтқарған ақтөбеліктер марапатталды

Оларға министрдің алғыс хаты табысталды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір — Sputnik. Ақтөбеде арықтағы көшкін суға кете жаздаған мектеп оқушысын құтқарған ер адамдар марапатталды. Оларға Төтенше жағдай министрініңалғыс хаты мен ақшалай сыйақы табысталды, деп хабарлайды "Диапазон".
Тұрғын үй кешенінің күзетшісі Ерболат Құлжігітов, фитнес-клуб жаттықтырушылары Алексей Ступенко, Юрий Лысенко, Евгений Зелевский, Альберт Дедуcев батылдық танытып, оқушыны суға кетуден аман алып қалған.
Оқыс оқиға 31 наурызда Ақтөбенің бірнеше ауданында аяқ асты басталған жойқын сел кезінде болды.
Мектеп оқушысы тротуармен келе жатып, еріген қардың тасқын суы толы арыққа құлап кетті. Су ағынының қуатты болғаны соншалық, мектеп оқушысын бірнеше ер адам жабылып жатып зорға құтқарды.
Sputnik Қазақстан-ға болған оқиға туралы толығырақ жаттықтырушылардың бірі айтып берді.