НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір — Sputnik. Ақтаудың коммуналдық компания қызметкерлері жалақаны көтеруді талап етті жолды жауып тастады.
Наразылықтың видосы әлеуметтік желіде пайда болды.
Маңғыстау облысының әкімдігі оқиғаға қатысты Sputnik Қазақстан агенттігіне түсініктеме берді.
Әкімдіктің хабарлауынша, нарызылық білдіріп жатқандар - West Recycling Company қызметкерлері, олар Ақтау қаласының тазалығына жауапты.
"Қызметкерлер жалақыны көтеруді талап етіп келді. Облыс әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаров түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Содан кейін олар жиналысқа шақырылды. Қазіргі уақытта жол ашық. Олардың барлығы жиналыста, облыс әкімінің орынбасыр да сонда", - деп хабарлады әкімдіктегілер.
Соңғы видеоларға қарағанда жол қозғалысы қалпына келтірілген.