Қоғам

Жаңа облыстардың шекарасы бір жарым айда анықталады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арналған жолдауында Абай, Ұлытау мен Жетісу облыстарын құруды ұсынған болатын
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Әділет министрі Қанат Мусин жаңа облыстарды бөлу жұмысы бір жарым айда аяқталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Жаңылмасам, жақында ғана бұқаралық ақпарат құралдарында Шығыс Қазақстан облысының қалай бөлінетіні туралы ақпарат тараған. Бұдан басқа ештеңе жоқ, жұмыс әлі атқарылып жатыр. Жаңа облыстар мәселесімен үкіметтің экономикалық блогы айналысады. Жақын бір-бір жарым айдың ішінде шешім қабылданады", - деді Мусин журналистерге берген сұхбатында.
Айта кетері, президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арналған жолдауында Абай, Ұлытау мен Жетісу облыстарын құруды. Абай облысының орталығы Семейде болса, Ұлытаудың орталығы Жезқазғанда орналасады. Ал Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда болады.
Жақында Абай облысына кіретін аудандар анықталды. Оған облыстық маңызы бар екі қала - Семей мен Курчатов, сондай-ақ, 8 аудан - Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Көкпекті мен Аксуат кіреді. Ал Шығыс Қазақстан облысында Өскмен мен Ридер, сондай-ақ, 9 аудан - Алтай, Глубоковской, Зайсаң, Қатонқарай, Күршім, Ұлан, Шемонаиха, Самар мен Тарбағатай қалады.