Тоқаевтың жұмысын қамтамасыз етуге қанша ақша жұмсалады

Қазіргі президенттің қызметін қамтамасыз ету үшін бюджеттен миллиардтаған теңге бөлінеді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Қаржы министрлігі 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер енгізу туралы заң жобасын жариялады.
Құжатта негізгі шығындармен бірге мемлекет басшысының жұмысын қамтамасыз етуге бөлінетін қаржының көлемі де көрсетілген. 2022 жылы бұл сома 8,1 миллиард теңгені (17,4 миллион доллар) құрайды.
Президент әкімшілігінің жұмысына биыл 10,6 миллиард теңге (22,7 миллион доллар), ал премьер-министрдің қызмет қамтамасыз етуге 3,4 миллиард теңге (7,3 миллион доллар) қарастырылған.
Шығыстардың ішінде Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті - Елбасының қызметін қамтамасыз етуге арналған қаржы да бар. Оған 1,2 миллиард теңге (2,5 миллион доллар) бөлінеді. Оған қоса, Тұңғыш президент кітапханасының жұмысына 1,3 млрд теңге (2,7 миллион доллар) жұмсалады.
Заң жобасының толық мәтіні "Ашық НҚА" сайтында жарияланған.