Тоқаев шығыстағы әскердің қолбасшысын ауыстырды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысын тағайындады.
"Мемлекет басшысының өкімімен Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорданың ресми хабарламасында.
Ал бұған дейін осы лауазымды атқарған Асан Жүсіпов қызметінен босатылды.
Айта кетері, бұған дейін президент "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы мен десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысын тағайындаған болатын.
Қоғам
Президент қолбасшыларды тағайындады