Теңге биржада айтарлықтай нығайды

Бір тәулік ішінде ұлттық валюта 4,84 теңгеге нығайды
Sputnik
АЛМАТЫ, 7 сәуір — Sputnik. Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша бейсенбіде доллардың орташа бағамы 458,02 теңге болды.
Бір тәулік ішінде ұлттық валюта 4,84 теңгеге нығайды. 6 сәуірде доллардың орташа бағамы 462,86 теңге болған.
Бір күн ішінде 78 миллион долларға теңге-доллар бойынша 257 мәміле жасалды.
8 сәуірдегі ресми бағам АҚШ долларына шаққанда 458,87 теңгені құрайды, бұл күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша қалыптасты.
Kurs.kz порталы мәліметі бойынша айырбастау пункттері долларды орта есеппен 462-463 теңгеге сатып, 457-459 теңгеден сатып алып жатыр.
Рубльге келер болсақ, оның орташа бағамы – 5,93 теңге. 1 миллиард рубльге 46 мәміле жасалды.