НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетте америкалық Pfizer вакцинасын сатып алуға 20 миллиард теңге қарастырылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үш жылдық бюджетті нақтылау аясында денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы күреске қосымша 77 миллиард теңге сұратты. Оның ішіне вакцина сатып алуға кететін шығын да кірген.
Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева мәжіліс кулуарында Pfizer вакцинасын сатып алуға бюджетте 20 миллиард теңге қарастырылғанын нақтылады.
"Егер мен қателеспесем, 2 миллион адамға вакцинаның екі компонентін салу үшін 20 миллиард теңге бөлінеді", - деді Савельева.
Осылайша Қазақстан Pfizer вакцинасының бір дозасына 5 мың теңге жұмсайды.
6 сәуірдегі жағдай бойынша республикада 835 864 адам Pfizer вакцинасын салдырды.