Қазақстанда мұнай өнімдерін әкетуге тыйым салу мерзімі ұзартылады

Тыйым салу автомобильде орнатылған бензин бактарына қолданылмайды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір– Sputnik. Қазақстанда мұнай өнімдерін автокөлікпен әкетуге тыйым салуға жарты жылға ұзартылды.
"Энергетика министрлігі мұнай өнімдері тапшылығының туындауына жол бермеу үшін бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2709, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826) автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салуды ұзартуды көздейтін бұйрық әзірледі", - делінген хабарламада.
Тыйым салу автомобильде орнатылған бензин бактарына, сондай-ақ жанар-жағармай материалдарын жалпы көлемі 20 литрден аспайтын жеке ыдыстарда әкету жағдайларына қолданылмайды.