Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда жоғалған қыз басқа қаладан табылды

Жас қыз 3 сәуір күні үйден шығып, хабар-ошарсыз кеткен
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтан полицейлері із-түзсіз жоғалған 18 жастағы қызды тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, жас қыз 3 сәуір күні үйден шығып, хабар-ошарсыз кеткен. Полицияның жеке құрамы жоғалған қызды іздеуге жұмылдырылды.
"Іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары жоғалған қыз баратын жерлерді тексерді. Оны соңғы рет көрген адамдардан жауап алынды. Учаскелік полиция инспекторлары 18 жастағы қызды Ақмола облысының Щучинск қаласынан тапты", - дейді департамент мамандары.
Қазіргі уақытта жас қыз туыстарына тапсырылды.
Бір жыл бұрын жоғалған модель қыздың мәйіті шабаданнан табылды