НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Қазақстанда 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Тиісті құжатты қаржы министрлігі әзірледі.
Бюджетке енгізілген түзетулер мақұлданса, базалық көрсеткіштер мынадай болады:
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 20 191 теңге;
ең төмен зейнетақы мөлшері – 48 032 теңге;
жәрдемақы мен өзге де әлеуметтік төлемдерді, айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді есептеуге қолданылатын айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 180 теңге;
базалық әлеуметтік төлемдерді есептеуге арналған ең төменгі күнкөріс деңгейі – 37 389 теңге.
Өзгерістер бұрынғы күнмен – 2022 жылғы 1 сәуірде күшіне енеді.
Құжаттың толық мәтінімен "Ашық НҚА" порталында танысуға болады. Ол 21 сәуірге дейін қоғам талқысына шығарылды.