Оқу-жаттығу барысында күштер мен құралдардың ел ішінде қозғалысы орын алады. Бөлімшелер оқу-жауынгерлік тапсырмаларды пысықтау үшін полигондарға марш жасап, содан кейін тұрақты орналасу пункттеріне оралады.
Жаттығу Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан секілді жеті облыстың, сондай-ақ республикалық маңызы бар Алматы және Шымкент қалаларының аумағында өтеді.
Әскери авиация тікұшақтарының экипаждары "Батыл тойтарыс – 2022" оқу-жаттығуы шеңберінде оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтау аудандарына бара жатқан әскери техника легіне ілесіп жүреді.