ТАЛДЫҚОРҒАН, 7 сәуір — Sputnik. Талғар маңында қураған ағаш өртеніп, от ауылдағы зират аумағына дейін жетті.
Зиратта өртеніп жатқан сәті түсірілген видео жергілікті аудандық басылымдардың бірінде жарияланды. Оттан ондаған қабірдегі тас зақымданды.
"Қураған ағаштың кесірінен өрт тез жайылып, 5 гектар аумақты шарпыды. Өрт сөндірушілер бұл маңда қасақана өрт қойылған деп болжады", - делінген жазбада.
Алматы облысының ТЖД 6 сәуірде Талғар ауданының Алатау ауылдық округінде өрт шыққанын растады. Шамамен өрт 8 гектар жерге жайылған.
Өртті сөндіруге өртке қарсы қызмет, әкімдік және Іле-Алатау ұлттық паркінің қызметкерлері қатысты.
Сондай-ақ, арнайы техника қолданылған.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Облыстық ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, құрғақ шөпті өртемеуге болмайтынын айтты.