Экономика

Теңге нығайып келеді

7 сәуірдегі ресми бағам бір доллар үшін 462,22 теңгені құрады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 462,86 теңге болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бір тәулік ішінде ұлттық валюта биржада 0,36 теңгеге нығайды. 5 сәуір кешке доллардың орташа бағамы 463,22 теңге болған еді.
7 сәуірдегі ресми бағам бір доллар үшін 462,22 теңгені құрады. Бұл KASE-те өткен күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша белгіленіп отыр.
6 сәуірде биржада теңге-доллар жұбында жалпы сомасы 114 млн долларға 322 мәміле жасалды.
Kurs.kz порталының мәліметінше, айырбастау пунктері долларды орташа есеппен 464-467 теңгеге сатып алып, 468-470 теңгеге сатып жатыр.
Экономика
Теңге доллар мен рубльге қашан тәуелді болмайды