Телевизия және радио ардагері Әбдірәлі Бөлебай өмірден өтті

Танымал диктор 70-ке қараған шағында қайтыс болды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Радио және телевизия саласының ардагері, белгілі диктор Әбдірәлі Бөлебай 70 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлады Qazaq radiosy.
Әбдірәлі Бөлебай өмірінің соңында дейін Қазақ радиосында дикторлық қызмет атқарды.
"Ол телерадиода дикторлық өнердің қыр-сырын терең меңгерген, дауыс үні өзгеше, шеберлігі толысқан білікті маман. Оның оқыған телерадиохабарларынан өзгеше бір тыныс, кең ауқым, биязылық пен парасаттылық лебі еседі. Әбдірәлі ағамыздың алтын дауысы Қазақ радиосының "Алтын қорында" сақтаулы", - делінген хабарламада.
Әбдірәлі Бөлебай 1953 жылдың 25 желтоқсанында Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Ерназар ауылында дүниеге келген.
Алматыдағы №46 қалалық кәсіптік техникалық училищені (1971), Құрманғазы атындағы консерваторияны бітірді (1976).
1983 жылы Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық теледидар және радио қызметкерлерінің білімін жетілдіру институ тынан дәріс алды.
Еңбек жолын "Қазақфильм" киностудиясында режиссердың көмекшісі болып бастады.