НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір — Sputnik. Нұр-Сұлтанда премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті.
Қазір Қазақстан-Қытай шекарасында бес автомобиль және екі теміржол өткізу пункті, сондай-ақ "Қорғас" кеден бекетінің жүк терминалы жұмыс істейді.
Автомобиль көлігі бойынша биыл үш айда былтырғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда көлік саны 123%-ке (6,3-тен 14,0 мың-ға дейін) өскені байқалады.
Бұдан бөлек, кедендік құн индексі және кедендік төлемдер индексі бойынша оң динамика болған: кедендік құн индексі көрсеткіші 75%-ке өсті (ҚХР-дан импортталатын тауарлар бойынша 1 келі үшін 4 доллардан 7 долларға дейін), кедендік төлемдер индексі бойынша көрсеткіші екі есе - 264 теңгеден 561 теңгеге(келі) дейін өсті.
"Нұр жолы" шекара маңы өткізу пунктінің өткізу қабілеті күніне 10-нан 47 автокөлікке дейін артты. Бұл ретте бір тасымалдаудың құны 4500 доллардан 2050 долларға дейін төмендеді.
Қолма-қол өзара есеп айырысулар алынып тасталған. Бұл осы қаражатты көлеңкелі айналымнан шығаруға мүмкіндік бергені айтылды. Сондай-ақ, электронды кезек бойынша пилоттық жоба іске қосылды.
Отырыста өткізу пунктерінде кептеліс жоқ, жағдай тұрақты екені айтылды.
Бұған дейін хабарланғандай, 2021 жылы Қазақстан мен Қытайдың өзара сауда бойынша деректерінде 5,7 миллиард доллар айырмашылық бар.