Оқиға

Петропавлда курсанттардың оқу-жаттығуы кезінде кездейсоқ жұмысшыға оқ тиді

Ұлттық гвардия академиясы атыс аймағында бөтен адам болмауға тиіс еді, деп хабарлады
Sputnik
ПЕТРОПАВЛ, 6 сәуір — Sputnik. Петропавлда курсанттардың оқу-жаттығуы кезінде кездейсоқ жұмысшыға оқ тиді. Ол ереже бойынша тыйым салынған аймақта болмауға тиіс еді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ұлттық ұлан академиясының баспасөз қызметі 4 сәуірде Ұлттық ұлан академиясының әскери атыс алаңында курсанттар тобы АК-74 автоматынан практикалық оқу атысын өткізгенін түсіндірді.
Осы уақытта ер адам құм сол аумақта құм алып жатқан.
"Мән-жай нақтыланғаннан кейін атыс жүргізу кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін кезекші фельдшері бар санитарлық машина жіберілді. Зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді, ол академияның жедел жәрдем көлігімен қалалық аурухананың травматология бөліміне жеткізілді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Құм алу Ұлттық ұлан академиясының басшылығымен келісусіз жүргізілгені айтылды. Орталық басқару пунктінен көрінбейтін жерде жүргізілген.
"Әскери атыс алаңында атыс жүргізу туралы талаптарға сәйкес өзара іс-қимыл жасайтын органдар, ауылдық округтердің (Березовский) әкімшілік аппараттары хабарланды. Әуе кеңістігін пайдалануға өтінім жолданды. Нұр-Сұлтан және Петропавл қалаларының әуе кеңістігін басқару орталығына оқ атудың басталғаны және аяқталғаны туралы баяндама жасалды", - деп атап өтті Академияның баспасөз қызметі.
Зардап шегушінің жағдайы тұрақты және қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберген. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, баллистикалық сараптама тағайындалды.