Биыл мектепте соңғы қоңырау өте ме?

Өткен жылы пандемияға байланысты мектептерде соңғы қоңырау мектеп ауласында ата-аналардың қатысуынсыз өткен еді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Биыл мектептерде соңғы қоңырау дәстүрлі форматта өтеді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Егер ештеңе өзгермесе, 25 мамыр күні оқушылардың соңғы қоңырау шарасы өтеді деп жоспарлап отырмыз", - деді Аймағамбетов мәжіліс кулуарында.
Айта кетері, өткен жылы пандемияға байланысты мектептерде соңғы қоңырау мектеп ауласында ата-аналардың қатысуынсыз өткен еді.
Осы жылы оқушылар төртінші тоқсанды дәстүрлі форматта бастады. Карантиндік шектеулердің алынып тасталуына байланысты балалар мектепке барып оқиды.