Зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өседі

Қазақстанда шамамен маусым-шілде айларында зейнетақы мен кейбір жәрдемақы түрлері өседі
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Биыл зейнетақы мен кейбір жәрдемақы түрлері тағы 9 процентке индексацияланады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкімет кулуарында журналистер министрден нақты қандай жәрдемақы түрлері индексацияланатынын сұрады.
"Негізінен, бұл зейнетақы мен кейбір жәрдемақылар. Шамамен 9 процентке индексацияланады", - деп жауап берді Қуантыров.
Министр индексация қашан жасалатынын да нақтылады.
"Бюжет нақтыланып, мәжіліс пен сенаттың қарауынан өтеді. Кейін президент "республикалық бюджет туралы" заңға қол қояды. Одан кейін оны іске асыру жайлы қаулы қабылданады", -деді ол.
Айтуынша, шамамен маусым-шілде айларында зейнетақы мен жәрдемақы өседі.
Бұған дейін үкімет 2022 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер мен бюджеттік параметрлер болжамын нақтылады. Оған сәйкес, инфляция дәлізі 8-10% дейін көтерілді.
Инфляция дәлізінің өзгеруіне байланысты әлеуметтік төлемдерді индекстеуге қосымша 110 миллиард теңге бөлінеді.
Экономика
Ұлттық қор таусылып қалмайды – министр