НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. 2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша 3 078 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды.
Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 90,1 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Биыл қандастар Қазақстанға қай елдерден келді:
66,3% – Өзбекстаннан;
11,3% – Қытайдан;
10,9% – Түрікменстаннан;
2,2% – Моңғолиядан;
9,3% – басқа елдерден.
Келген этникалық қазақтар қайда қоныстанды:
Алматы облысына – 30,2%;
Маңғыстау облысына – 19%;
Түркістан облысына – 11,4%;
Жамбыл облысына – 5,9%;
Алматы қаласына – 6,5%;
Нұр-Сұлтан қаласына – 7,1%;
Шымкент қаласына – 7,6%.
Осы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 62,7%-ті, еңбекке қабілетті жастан кіші 23,2%-ті және зейнеткерлер 14,1%-ті құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың 11,5%-і жоғары білімді, 39,6%-ы орта кәсіби білімді, 47%-і жалпы орта білімді және 1,8%-нің білімі жоқ.