Спорт

Қазақстандық параспортшы Азияда рекорд орнатты

Алина Синельникова халықаралық дәрежедегі спорт шеберінің нормативін орындады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір — Sputnik. Паражүзуден қазақстандық спортшы Алина Синельникова Азия рекордын орнатты. Әлем кубогі кезеңінде ол күміс жүлдені иеленді, деп хабарлады Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.
Ақмола облысының спортшысы, "Мерген" физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорт клубының тәрбиеленушісі Алина Синельникова 400 метр қашықтыққа еркін жүзуден күміс жүлдені иеленді. 200 метрге кеудемен жүзуде Алина 3.20.54 нәтижесімен Азия рекордын орнатты.
Алинаның жаттықтырушысы Джанна Зайцева мен Анна Симонина қазақстандық спортшы еліміздің халықаралық дәрежедегі спорт шеберінің спорт разрядын орындағанын айтты. Сәуір айының басында Берлинде паражүзуден жарыс өтіп, онда 47 елден 300-ден астам спортшы бақ сынады.
Спортшылар Португалиядағы әлем чемпионаты мен биыл күзде Қытайда өтетін Азия параойындарына жолдама алу үшін таласты. Чемпионатқа Қазақстан атынан төрт паражүзуші – Айбек Искра, Алина Синельникова, Иван Щепов және Токиодағы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Нұрдәулет Жұмағали қатысты.
Берлинде Қазақстан параспортшылары барлығы 4 күміс және 2 қола медальді жеңіп алды.