Орыс мәдениетіне тұсау салу аз болған секілді

Sputnik
Финляндияның кеден қызметі Ресейге қарай бағыт алған Ресейге тиесілі өнер туындылары ұсталғанын растады. Оған Еуроодақ енгізген санкциялар себеп, деп жазды РИА Новости.
"Кеден қызметі "Ваалимаа" шекаралық өткізу пунктінде Еуроодақ санкциясына жатады деген күдікпен үш жүкті тоқтатты. Кеден қызметі осы жағдайды алдын ала тергеуді бастады", - деп жазылған ақпарат агенттіктерінің хабарламасында.
Бүгінде Ресейде туғаны үшін орыс әншілер, орыс музыканттар, орыс жазушылар, орыс театрларға тыйым салынып, оларды нон-грата тұлға деп жариялап отыр. Бүгінде жария кеңістікте Ресейге қарсы шыққандар үшін орыс мәдениетін жоққа шығару Ресейге тиесілі ұлттық игілікті де тәркілеуге айналып отыр, деп жазады мақала авторы.
Қазір "Ресей Федерациясы" деген екі сөз бар картина, құнды фолиант, қолжазба, партитура, зергерлік бұйымды, жалпы кез келген дүниені тәркілеуге рұқсат берілген деген ой қалыптасқан секілді. Финляндия кеденіндегі жағдай осыған дәлел. "Кеден қызметкерлері бұл бұйымдар антиквариат па, жоқ па, анықтамақ болған" деген сылтау айтылды.
Италиялық музейшілер мен кураторлардың өтініші бойынша Миланда өткен "Гранд-тур. Италия туралы арман – Венециядан Помпейге дейін" атты көрмеге қатысқан экспонаттар Санкт-Петербургке қайтуы тиіс еді. Наурыздың басында француздар Кремль музейінің басшылығынан Лувр мен басқа да бейіндік мекемелер Мәскеуге ұсынған бұйымдарды қайтаруды талап еткен болатын.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Батыс орыс мәдениетіне тұсау салды
Орыс өнертанушылар тез арада барлығын қайтарды, экспонаттар француз дипломатиялық миссиясының аумағына жеткізілді де, көрме ашылуы кейінге қалдырылды. Содан кейін Эрмитаж қызметкерлері де француз әріптестері секілді экспонаттарды қайтаруды сұрады.
Италиялықтар шамданып, мұндай жағдайда экспозицияны мерзімінен бұрын жабуға тура келетінін, әйтпесе, көрме мәні мен тұжырымы сақталмайтынын айтты. Орыстар бұл уәжге тоқтап, әріптестеріне түсіністік танытып, соңына дейін күтуге келісті.
"Олар орыстардың ұлттық игілігі тиелген жүкті тоқтатып, мүлікті тәркілеуге Ресейдің реакциясын тексеріп отырған секілді. Үндемей қоя ма, әлде тез арада қайтаруды талап ете ме дегендей. Кеденшілер Ресей аумағынан тыс жатқан, бірақ Ресейге тиесілі кез келген өнер туындысын тәркілеуге құқылымыз деп ойласа керек", - деп жазды мақала авторы.
Бүгінде Эрмитаждағы Энргді "антиквариат" бұйым деп қарастырса, онда түнгі кезектегі кеденші Карл Фаберженің қолынан шыққан пасха жұмыртқаларын да, Сезанна қылқаламымен салынған картинаны да, Ван Гог туындысын да антикврариат деп санауы ғажап емес.
Ресей әлі де сабырлықпен күтіп, өзін диалогқа тең тарап ретінде қабылдауын күтіп отыр. Ол Ресей қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылығына түсіністік танытады деп үміттеніп отыр. Сол сияқты, фин елінде жағдайға қатысты да орыстар өз туындыларын Ресейге қайтарады деп сенім отыр. Себебі орыстар соғыс кезеңінде өзінің бұрынғы жауларына өзі аман алып қалған және реставрацияланған ұлттық игіліктерді еш сылтаусыз қайтарды.
Тоқаев қазақстандықтарды Украинадан эвакуациялаған дипломаттарды марапаттады
Осы әрекеті үшін Ресей ешқашан өтем сұраған емес. Сол сияқты, орыс көпестерінің француз суретшілерінің дарынын қанаттандыруға жұмсаған қаражаты, оларға көрсеткен қолдауы, бүгінгі Батыстағы балеттің негізін салған орыс импрессарио жайлы ұмыт боп барады. Сондықтан биыл Лозанна жасөспірімдер арасындағы балет байқауына Ресей жас бишілерінің қатысуына тыйым салды.
"Орыстар өнер саласын ақша табудың бір жолы деп қарастырған емес. Біз үшін мәдениет пен оның құндылықтары әмбебап, біртұтас және ажырамайды. Орыстар мәдениетке республиканың игілігі ретінде қарайды. Сондықтан өзіне тиесіліні Ресейге қайтаруға барын салады", - деп түйіндеді мақала авторы.