НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Қазгидромет 6 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстан өңірінің басым бөлігі жоғарғы кысым алқабының әсерінде болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталатын болады. Тек солтүстікте, батыста, орталығында, оңтүстігінде, таулы аймақтарда өтіп жатқан фронтальды бөліктерінде жаңбыр күтіледі.
Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстікте, батыста тұман, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, оңтүстігінде, таулы аймақтарда – найзағай күтіледі.
Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай күтіледі, түнде және таңертең таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік шығысында шаңды дауыл күтіледі, батысында, солтүстігінде, оңтүстік шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының оңтүстік шығысында тұман күтіледі, күндіз облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі.
Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде және шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында – жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Қызылорда облысының шығысында найзағай күтіледі, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде Ақтөбе облысының батысында, орталығында тұман күтіледі. Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысында жел 15-20 м/с күшейеді.