Берік Уәли "Хабар" арнасының директорын тағайындады

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Жайна Жақсылықова "Хабар" арнасының директоры лауазымына тағайындалды. Бұл туралы агенттіктің басқарма төрғасы Берік Уәли хабарлады.
"Бүгіннен бастап Жақсылықова Жайна Сламбекқызы "Хабар" арнасының директоры лауазымына тағайындалды. Жайна журналистиканың өз жауынгері. Көрермен қауым оны сараптамалық бағдарламалардың авторы әрі жүргізушісі ретінде жақсы таниды. Әріптесімді жаңа қызметімен шын жүректен құттықтап, сәттілік тілеймін! "Хабардың" дамуына қосар үлесіңіз зор болады деп сенемін! ", - деп жазды Уәли желідегі парақшасында.
Айта кетері, Берік Уәли 29 наурызда "Хабар агентігі" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Оған дейін Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы болды.