НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Атыраулық полицейлер мас жүргізушінің көлігінен қару тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.
3 сәуір күні сағат 12:40 шамасында Атырау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Атырау қаласына қарасты мөлтек аудандардың бірінен Chevrolet Cobalt автокөлігін тоқтатқан.
Аталған көліктің 43 жастағы жүргізушісін тексеру барысында оның мас күйде екендігін, сонымен қатар көліктің артқы орындығында белгісіз қару жатқандығын анықтаған.
Азаматтың медициналық куәландыру нәтижесінде, “орта дәрежелі” мас күйде екендігі расталды.
Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабы 1-бөліміне сәйкес әкімшілік іс-құжаттар жинақталып, сотқа жолданды.
Тиісті құжаттары жоқ пневматикалық винтовка тексеру үшін жедел-тергеу тобына тапсырылды.