Жедел жәрдем шақырды: Атамбаев сотта өзін тағы жайсыз сезінді

Сот отырысы сәрсенбі, 6 сәуірге ауыстырылды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір — Sputnik. Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Первомай аудандық сотының отырысында өзін тағы да жайсыз сезінді. Процесс тоқтатылды, басқа сотталушылар, сондай-ақ өзге адамдар залдан шығарыла бастады, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Саясаткерге жедел жәрдем шақыртылды. Отырыс ертеңге (10:00-ге) ауыстырылды, адвокаттар бұл процесті Атамбаевсыз өткізуді сұрады, бірақ сот өтінішті қабылдамады.
Кейін жедел жәрдем көлігі келді, бірақ бұрынғы мемлекет басшысының әйелі Раиса Атамбаева күйеуін колонияға алып кеткенін айтты.
Еске сала кетсек, кеше, 4 сәуірде Атамбаевты сот қаулысына сәйкес 2020 жылдың қазан оқиғасына қатысты іс бойынша процеске мәжбүрлеп жеткізген болатын. Ол отырыс кезінде ауырып, жедел жәрдем шақырды. Процесс сейсенбіге ауыстырылды.
Бүгін саясаткерді қайтадан сотқа жеткізді. Атамбаев журналистерге кеше оның қысымы көтеріліп, жедел жәрдем бригадасы колонияға апарғанын айтты. Сол жерде ем алған.
ИК-47 мекемесінде медициналық көмекке мұқтаж сотталғандар отырады.
Әлем
Атамбаев ұлының аса қатыгездікпен соққыға жығылғаны рас па – министрлік жауабы