НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. 24 ақпан мен 2 сәуір аралығында Украинадағы әскери қимылдар салдарынан 1,4 мыңнан астам адам қаза тауып, 2 мыңнан астамы жарақат алды, деп хабарлады БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы.
"2022 жылдың 24 ақпаны сағат 4:00-денбастап… 2022 жылдың 2 сәуірі түн ортасына дейін (жергілікті уақыт) Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы елде 1 417 бейбіт тұрғынның қаза болғанын және 2 038 адам жарақат алғанын тіркеді", – делінген мәлімдемеде.
Қаза болғандардың арасында – 201 әйел, 22 қыз және 40 ұл бала, сондай-ақ жынысын анықтау мүмкін болмаған 59 бала бар екені аталып өтті.