Экономика

Теңге бағамы биржада сәл нығайды

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың жалпы көлемі 78,4 миллион доллардан асты
Sputnik
АЛМАТЫ, 4 сәуір – Sputnik. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 471,83 теңгені құрады.
2022 жылдың 1 сәуірінің кешінен бастап ұлттық валюта 1 теңгеге нығайды. Ол кезде доллардың орташа бағамы 472,81 теңге болған. 2022 жылдың 4 сәуірінде Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың жалпы көлемі 78,4 миллион долларды құрады. Жалпы 188 мәміле жасалды.
Kurs.kz порталының хабарлауынша, айырбастау пунктері долларды орта есеппен 467-471 теңгеден сатып алады, 473-475 теңгеге сатады. Сондай-ақ KASE-де теңге-рубль сауда-саттығы аяқталды.
Рубльдің орташа бағамы 5,64 теңге болды. Жалпы сомасы 1,2 миллиард теңгеге 50 мәміле рәсімделді.