Қазақстандық "Брюс Ли" тағы жеңіске жетті – видео

Үш раундқа есептелген жұдырықтасып төбелесуде қазақстандық спортшы айқын басымдықпен жеңіске жетті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Қазақстандық Әділжан Сәндібеков танымал ресейлік TOP DOG промоушенінде кезекті жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті, деп хабарлады "Наша газета" порталы.
Сәндібеков 1 сәуірде Мәскеу қаласында өткен Top DOG 13 турниріне қатысты. Оған қарсы "Дауыл" лақап атымен танымал Денис Дулу шықты. Үш раундқа есептелген жұдырықтасып төбелесуде қазақстандық спортшы төрешілер шешімімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Бірінші раундта екеуі тең төбелесті. Ал екінші раундта қазақстандық "Брюс Ли" бірнеше жойқын соққысын дарыта білді. Қарсыласы клинчке түсе берді. Үшінші раундта Әділжан Сәндібековтың басымдығы айқын көрінді.
Айта кетері, Әділжан Сәндібеков – Қостанай қаласының тумасы. TOP DOG промоушенінде басқа қазақстандық спортшы жоқ. Әділжан "Адос" лақап атымен өнер көрсетіп жүр. Бірақ жанкүйерлер оны "Брюс Ли" деп атап кетті.