Қаңтар оқиғасы

Қаңтар оқиғасы: қамауға алынған адамдардың саны жарияланды

Қазіргі кезде 547 адам жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға және оған қатысқаны үшін күдікті деп танылып отыр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Бас прокуратура қаңтар оқиғасы бойынша тергеу шараларының нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі кезде 547 адам жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға және оған қатысқаны үшін күдікті деп танылып отыр. Олардың ішінде 269 адам қамауға алынды.
"Жалпы ел бойынша тергеу органдары 3 702 қылмыстық істі тергеуде. Олардың басым көпшілігі – ұрлық, тонау, қаруларды жымқыру және басқа қиын емес қылмыстар. Егер адамдар анықталса, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін, істер бірден сотқа жолдануда. Осы қылмыстар үшін соттар 152 адамды соттады", - 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн брифингте.
Оның айтуынша, бүгінде барлық қылмыстық іс бойынша 733 адам қамауда отыр.
"Санитарлық норма, тамақтану, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету және басқаларды қоса алғанда оларға тиісті жағдай қамтамасыз етілуде", - деп атап көрсетті Қилымжанов.