НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Қазақстан азаматы елге бір миллиард теңгенің алтынын заңсыз кіргізбек болды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комиеті шекара қызметі.
Мәліметке сәйкес, ол Нұр-Сұлтан" әуежайында "Стамбул-Нұр-Сұлтан" бағытындағы халықаралық әуе рейсінің жолаушыларына шекаралық бақылау жүргізу кезінде ұсталғанү Зергерлік бұйымдар декларацияланбаған болып шықты.
"Алтын бұйымдарының жалпы салмағы 34 кг-нан асты. Ұсталған тауардың алдын ала құны 1 миллиард теңгеден артықтықты құрайды", - делінген хабарламада.
Құқық бұзушылық Қылмыстық кодекстің 234-бабы 1-бөлігі (аса ірі мөлшердегі экономикалық контрабанда) бойынша тіркелді.
Ұсталған азамат пен алтын бұйымдар қаржы монитоингі агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне одан әрі процестік іс-қимылдар жүргізу үшін тапсырылады.