НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір - Sputnik. Өткен тәулікте, 3 сәуірде Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 11 науқас тіркелді, деп хабарлады COVID-19 инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Коронавирусты Алматы қаласында тағы жеті адам, Нұр-Сұлтан қаласында, сондай-ақ Қостанай, Алматы және Қызылорда облыстарында бір адамнан жұқтырған.
Бір күн бұрын індетке 18 адам шалдыққаны хабарланған болатын.
Қазақстанда пандемия басталғалы бері барлығы 1 305 199 адамнан коронавирус инфекциясы табылды.