Танымал дәрігерді атып тастаған ер адам ұсталды – видео

Бүгін таңертең Алматының Бостандық ауданында белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумковты атып кетті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Алматы қалалық полициясы белгілі дәрігерді атып тастаған ер адамды ұстау сәтінің видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Видеодан қолында кісен салынған ер адамды анық көруге болады. Көліктің ішінен снайперлік винтовка шықты.
Айта кетері, бүгін таңертең Алматының Бостандық ауданында белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумковты атып кетті. Оқ дәрігерді басына тиген. Аталған дерек бойынша қаланың полициясы Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("кісі өлтіру") бойынша тергеу басталғанын растады.
Sputnik Қазақстан тілшісінің дереккөзі қылмыс орнында не болғанын айтты.
"Күдікті Шумковтың пациенті екені анықталды. Дәрігер сәтсіз емдегендіктен, пациент оны өлтіруге бел буғанын айтты", - деді ақпарат көзі.
Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті бірден таксиге отырып, қашып кеткен. Көшедегі бейнебақылау камераларының көмегі арқылы жедел уәкілдер көлік маркасы мен мемлекеттік нөмірін анықтап, камералар арқылы оның қозғалыс бағытын қадағалады.
Полиция жасағы көлікті Шаңырақ шағын ауданында ұстады. Күдікті көлікте болған. Қазір ұсталған адамға қатысты қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.