АЛМАТЫ, 4 сәуір – Sputnik. Алматыда дүйсенбі күні таңертең ер адам қарсыласын қарумен атып, оқиға орнынан қашып кетті.
Қылмыс қаланың Бостандық ауданында жасалған.
Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденовтің айтуынша, тәртіп сақшылары кісі өлтіру қылмысын ізін суытпай ашқан. Қазіргі уақытта ер адамның аңшы мылтығымен оқ атқаны белгілі болды.
"Күдікті Алматының Алатау ауданы аумағында қалада енгізілген "Құрықтау" арнайы жоспарының нәтижесінде ұсталды. Қару тәркіленді. Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр", - деп нақтылады Қанат Таймерденов.
Адам өлтірді деген күдікпен 47 жастағы алматылық ұсталды
© Photo : Пресс-служба департамента полиции Алматы
Тергеу Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша жүргізілуде. Ұсталған адам сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.