Оқиға

Семейде екі қыз мұз астына түсіп кетті

Көмекке келген ер адам қыздардың бірін құтқарған, екіншісі суға батып кетті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Семейде екі қыз мұз астына құлап кетіп, біреуі көз жұмды, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиға бүгін, 3 сәуірде, сағат 16:33-те Восточный кентінде болған.
Суретке түспек болып Ертіс өзеніне барған 23 және 24 жастағы екі қыз мұз астына құлап кетті.

"Жақын жерде болған ер адам көмекке келіп, 1998 жылы туған қызды құтқарып үлгерді. Алайда қызға көмек қолын созып үлгермеген. Құтқарушылар судан оның денесін алып шықты", - делінген ақпаратта.

ТЖД қызметкерлері өңір жұртшылығына мұз үстінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін еске салды.