Оқиға

Қарағандыда шахта жұмысшысы қаза болды

Мемлекеттік комиссия құрылды. Ол жазатайым оқиғаның себептерін анықтайды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Қарағандыда Костенко атындағы шахтада "УглеСпецМонтаж" ЖШС мердігерлік ұйымының 36 жастағы жұмысшысы көз жұмды. Трагедия 2 сәуірде болды, деп хабарлайды "АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметі.
"Костенко атындағы шахтада жазатайым оқиға болды. Салдарынан УСМ мердігерлік ұйымының қызметкері (1986 жылғы) қаза тапты", - делінген хабарламада.
Мемлекеттік комиссия құрылды, тергеу жүріп жатыр.
ekaraganda.kz ақпаратынша, жазатайым оқиға сағат 13.30 шамасында болған.
Тау-кенші демонтаж жұмыстарын орындау кезінде ауыр бас сүйек-ми жарақатын алды. Ер адам дәрігерлер келгенге дейін көз жұмды.
Оқиға
Абай шахтасында төтенше жағдай болды: алты кенші көз жұмды