Оқиға

Қарағанды 9 жасар бала арыққа батып көз жұмды

Алдын ала мәлімет бойынша, бала арыққа ойнап жүріп, түсіп кеткен
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Қарағандыда қар, жауын суы жиналатын арыққа 9 жасар бала батып, қайтыс болды.
Қайғылы оқиға Серов көшесіндегі тұрғын үйдің жанында болған.
"Шақыртуға келген құтқарушылар бір сағат өткен соң 9 жасар баланың денесін су ағатын арықтан алып шықты", - деді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Алдын ала мәлімет бойынша, бала арыққа ойнап жүріп, түсіп кеткен.
Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаментінің мамандары ана-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды және барынша сақ болуды ескертеді.