Спорт

Нариман Құрбанов алтын медаль жеңіп алды

Құрбанов "аттың" үстінде жаттығу жасау бойынша жалпы 14.633 ұпайға ие болып, бірінші орынға шықты
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Қазақстандық спортшы Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңінде алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Құрбанов "аттың" үстінде жаттығу жасау бойынша жалпы 14.633 ұпайға ие болып, бірінші орынға шықты.
Екінші орында Матвей Петров (Албания), ал француз Томмасон Сириль қоланы қанағат тұтты.
Ал Токио Олимпиадасына барған Милад Карими еркін жаттығуда күміс жүлдені иеленді. Отандасымыз 14.300 ұпай жинады.
Израиль спортшысы Артем Долгопят жарыс жеңімпазы атанса, ирландиялық Эймон Монтгомери қола жүлдеге ие болды.