НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.
Екі елдің президенттер сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын жан-жақты талқылады. Өзара сауда-саттықтың қарқынын сақтау үшін ең маңызды тауар түрлері бойынша ықпалдастықты жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің барысы туралы мәлімет берді. Украинаның бейтараптық, блоктардан тыс, ядролық қарусыздық мәртебесіне қатысты уағдаластыққа қол жеткізудің аса маңыздылығы жөніндегі ортақ түсіністік туралы айтылды.