Тоғыз өңірде дабылды ескерту жарияланды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Қазақстанның тоғыз өңірінде 3 сәуірге дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлады "Қазгидромет".
Синоптиктердің болжауынша, Атырау облысының шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанып отыр. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, екпіні секундына 23 метрге жетеді.
Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, ооңтүстігінде екпіні секундына 15 метрге жетеді.
Ақмола облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Көкшетауда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында секундына 15-20 метр, екпіні секундына 23 метрге жетеді. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.
Қостанай облысының солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қостанайда оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 15 метрге жетеді.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында дабылды ескерту жарияланды.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Облыстың солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Петропавлда түнде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Жамбыл облысында 3 сәуірде күндіз, 4-5 сәуірде тәулік бойы облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.